Қос аққудай бірге жүзіп келесің!

Бұл бетте «Қос аққудай бірге жүзіп келесің!» атты Жанат Жаубасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2019
  • 0
  • 1
  • 2722
(Қадырұлы Әділге 70 жас және 50 жылдық Алтын тойына арнау!)

Қарағанды, Тамыз айы, Сарыарқаның бауыры,
Айтбайдың қара суы 10-шы Әділдің туған ауылы.
Бақытты жан немересін еркелетіп көтерген.
Бүгін міне 70-імен құттықтайды
құда-жекжат, бауыры.

Ұрпағы ол, асыл туған «Керней баб» алыптың,
Ақылшысы, батыры да болған кеше халықтың.
Аяулы Қадыр әкең, Құлтайшадай анаңның,
Баталары әкелді ғой, әулетіне жарық күн.

Бақытты, дербес елмен таңың атты,
Директор, әкім болдың, тәрбиелеп жас ұрпақты.
Ағадыр, Шет, Ақтоғай еңбек жолың үлгі ұрпаққа,
Көтердің сен, тәңірім берген бойға бақты.

Намысты азаматсың ел сыйлаған,
Өмірде табысың көп, мол жинаған.
Адал еңбек, тазалықты ту қылып,
Жастарға сен үлгі болдың, туыстарға сыйлы адам.

Ақылшың жас күніңнен, әрі қорған,
Шекердей жан жарыңмен төрің толған.
Еркелеткен немере, ұл-қыз ардақтысы,
Инабатты ісімен, келіндерге үлгі болған.

Жетпіс жасың, Жамбыл ата жасына нық басқаның!
Қосағыңмен ашық болсын аспаның.
Немерелер, шөберелер екеуіңе еркелеп,
Ата-апасын көрсін олар, жүз жастан да асқанын.

Қос аққудай бірге жүзіп келесің,
Тоқтатпасын тәңірім берген кемесін.
Әділ, Шекер Алтын тойда айтарым,
Асылдарсың, балаларға төресің!


Пікірлер (1)

Фариза

Асылдарсың, балаларға төресің!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос аққудай бірге жүзіп келесің! өлеңінің авторы кім?

Жанат Жаубасов — осы өлеңнің авторы.

Қос аққудай бірге жүзіп келесің! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос аққудай бірге жүзіп келесің! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанат Жаубасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос аққудай бірге жүзіп келесің! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері