Апарайын ел жаққа – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Апарайын ел жаққа» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1615
Әзірлеп отыр екен ат ағайын,
Жүрші, дос,
Алакөлге апарайын.
Ол жақта өзгешелеу атады таң,
Әйтеуір өзгешелеу батады айың.
Жүрші, бір көрсетейін саған бәрін,
Қара теңіз құсаған жағам барын.
Әнін де сапырайын осы өңірдің,
Дәмін де татырайын тағы алманың.
Ер маған,
Енжарлықтан мүлде арыла,
Аунатып алайын да құмдағына.
Алакөл толқынына шомылдырып,
Жоңғардың шығарайын шыңдарына.
Ешбірі санамайды сені өгейге,
Жатқаның жамбасақы төлемей де.
Өрескел ісіңе де
Күліп қойып,
Жымиып отырған ел елемей де.
Ағайынның ағынан жарылғанын,
Жүр кеттік, көрсетейін бәрін-бәрін –
Аруларын көрсетем аққуға ұқсас,
Бітімі бөлек біткен нар ұлдарын!
Айдынның омырауын сөккізейін,
Ар жаққа «сырғамен-ақ өткізейін».
«Мың бір түн» Мысырында жүргендей-ақ,
Кезіңді кереметке жеткізейін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апарайын ел жаққа өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Апарайын ел жаққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апарайын ел жаққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апарайын ел жаққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері