Жүргенде бейғам ғана іздеп бақты – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жүргенде бейғам ғана іздеп бақты» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 598
Жүргенде бейғам ғана іздеп бақты,
боқырау —
боз қыраулы күз кеп қапты.
Достан да, дұшпанынан да қалған көңіл
ақыры айсберг-мұз боп қатты...
Тарығып,
талқан түйіп — тәттіміз деп,
сабылып, жоқ ұшпақты, шаптық, іздеп.
Көрсетпей күнесті де, сірестіре
көңілді көкала мұң жапты мұз боп.
Бұйырмай өзің буған теңнен үлес,
тұзың сор болды бүгін, еңбегің еш.
Ағадан, ініден де қалған көңіл
мұз болып бара жатты енді ерімес.
Таптырмай ыңылдауға лайықты ән,
қайғыдан қапелімде кім айыққан? —
Естіні есігіне телміртеді
құл-құтан
қабағынан құдай ыққан!
Барады билеп-төстеп елді ұрылар,
жол бере қоймас, сірә, енді бұлар,
Жабысып балағыңа
жүргізбейді
жүн-жұрқа,
қыл-қыбыры,
кендірі бар.
Пұл болып бұлдырақ қыз бұрымы ескі,
біржола үрейлінің үні де өшті.
Тынарсың Сен де, көке, түбі терлеп,
қайтерсің жібітем деп жібіместі!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүргенде бейғам ғана іздеп бақты өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жүргенде бейғам ғана іздеп бақты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүргенде бейғам ғана іздеп бақты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүргенде бейғам ғана іздеп бақты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері