Әже – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Әже» атты Мағжан Жұмабаев жазған әже туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Сығырайған көзі көрінбей
Томар-томар былшықтан,
Отырса, бойы аспайды
Қолындағы ұршықтан.
Алдындағы көженің
Көрінбес беті қылшықтан.
Көжесін татпай әженің,
Жан болмайды құр шыққан.
Көжесін қойшы, кеңесін
Тыңдамай үйден кім шыққан?!
Сендер де тыңда, тентектер,
Тыйылып біраз шолжақтан.
Ертегі айтса, ұршығын
Ұмытып әжең кетеді.
Жерде жатқан жүнді алып,
Қайта-қайта түтеді.
Су сепкендей сап болып,
Тоқтайды сонда жөтелі.
Былшықтан көзі жылтырап,
Ту арқаңнан өтеді.
Ал кіріссе ертекке,
Басы қалт-қалт етеді:
«Ертек-ертек, ерте екен...» –
Аузы балп-балп етеді.
«Ерте, ерте, ерте екен...
Тыңда енді ал, шырақ!
...Сұр мергенде болыпты
Сүліктей бедеу бір сұр ат...»
Қоя қойды Кенжетай
Жылаған жаңа нан сұрап.
Тыңдап отыр тентектер
Алма беті албырап,
Ауыздары аңқиып,
Сілекейі салбырап.
Қалғып бірақ барады
Кенжетай тентек маужырап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әже өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Әже өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әже өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әже туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әже өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері