Шамы жанып тұрса екен терезеңнің

Бұл бетте «Шамы жанып тұрса екен терезеңнің» атты Шынар Кендін жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кешқұрым...
Кеңседен соң сағынамын.
Будақтаған түтінін қысқы ауылдың.
Бауыр баспай қалаға, "тағы" жаным.
Қиын жаққым келеді қыстауыңның...

Жұлдыздары жанатын жүрегімде,
Түнгі аспанның жылт еткен
Шоғын үрлеп.
Айға қарап тілеймін,
Бұл өмірден
Бір шам жанса, жалғанның
Жоғын іздеп.

Мынау қала - "жұлдызы" көп,
шамы жарық,
Жанартауын жанымның
Жаға алмайтын.
Арманымның бұл күнде
бәрі ғаріп.
Терезесін тентек те қаға алмайтын.

Көршім де сыры - құлып,
сырты - сырбаз,
Шақырмасам келмейтін.
Бара алмайтын.
Кеш болса,
ауыл жақтан бір самал кеп,
Жанымда мың сағыныш алаулайтын...
Бір терезе байқаса,
шам жанбаған,
Күн қайда,
бүкіл ауыл алаңдайтын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шамы жанып тұрса екен терезеңнің өлеңінің авторы кім?

Шынар Кендін — осы өлеңнің авторы.

Шамы жанып тұрса екен терезеңнің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шамы жанып тұрса екен терезеңнің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шынар Кендін өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шамы жанып тұрса екен терезеңнің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер