Ауызға ала бергенге ел кешегі – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ауызға ала бергенге ел кешегі» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 640
Ауызға ала бергенге ел кешегі,
жақсы көре бастап ем мен де сені,
інілердің ішінде
жоқ па деп те
ойлаппын-ау өзіңе теңдесері.
Көңіл азып селтеңі, серісінен,
бөліп алып өзіңді көп ішінен,
түбі терең мұңымды саған шағып,
шынымды айтып сырымды бөлісіп ем.
Өзі деппін өрелі өр кеуденің,
жоқтығын да білесің тергеуге ебім, —
күнә шығар жаманды жаман демеу,
жақсылығын кісінің кермеу де мін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері