Қаскөйге – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қаскөйге» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 723
Сен — лаңсың!
Бірақ бәрі- бір
Қанша жұлқынсаң да
Тісіңмен тістеп
Қара жердің сауырын –
Жалбыратып!—
Жұлып кете алмайсың;
Қанша ұмтылсаң да
Арқыраған айғыр толқындарды
Бұрып кете алмайсың;
Қанша бұлқынсаң да
Жаға- жиегі жоқ өңірден
Шығып кете алмайсың.
Сен — қаскөйсің!
Бұл тірліктің
Ащы-тұщысын
Ұғып кете алмайсың!
Аспан терезе емес
Оған тас лақтырып
Сындыра алмайсың.
Бәрі бір
Ештеңе тындыра алмайсың.
Ақырыңда көресіңді көресің:
Көтерем ешкідей
Бақырып-бақылдап
Итжемеде өлесің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері