Таулары жатыр баянның – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Таулары жатыр баянның» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2009
Таулары жатыр Баянның
Көгінде сұңқар ақ бұлттар,
Жерінде Сұлтанмахмұттар,
Атамнан қалған аяулым —
Таулары жатыр Баянның.
Таулары жатыр Баянның
Ойында мәңі қалатын.
Ойында жасыл көлдер бар,
Жолында сынға салатын
Жонында асу белдер бар —
Таулары жатыр Баянның.
Таулары жатыр Баянның
Көк сағым болып көлеңдеп.
Алыстап кеткен армандай,
Айқайды күтіп елеңдеп,
Кермеде тұрған тарландай
Атамнан қалған аяулым —
Таулары жатыр Баянның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таулары жатыр баянның өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Таулары жатыр баянның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таулары жатыр баянның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таулары жатыр баянның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері