Ленин —өмір – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ленин —өмір» атты Сырбай Мәуленов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2792
Өлеңдер көп
Жалғанға
Ленин өміріне
Өлеңдер жоқ
Арналған
Ленин өліміне.
Қаиша ақын қан төксе де қаламынан,
Қанша ақын жас тексе де жанарынан.
Ленинді елді деп сендіре алмас,
Өйткені Ленинмен өмір жалғас.
Лениннің өмірі —
Леңйннің әр үні —
Жұлдыздың жарқылында,
Күннің күркірінде,
Ракеталар қарқынында,
Жыр тілінде.
Вьетнамда ең соңғы оғын атып,
«Ленин» дейді жауынгер өліп жатып.
— Мен өлгенмен ойлайды ол өмір бар,— деп,
Мен өлгенмен ойлайды ол Ленин бар,—деп.
Өлеңдер көп
Жалғанған
Ленин өміріне.
Өлеңдер жоқ
Арналған
Ленин өліміне.
Ленинді күтіп отыр көп кісі,
Қауырт жұмыс:
Әрбір таңы,
Әр кеші.
Лениннің алынбайды кепкісі,
Лениннің шешілмейді пальтосы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин —өмір өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ленин —өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленин —өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ленин —өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері