Жігітке жарамайды алаң болған

Бұл бетте «Жігітке жарамайды алаң болған» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3323
Жігітке жарамайды алаң болған,
Абырой аландарға арам болған.
Өмірін өкінішпен өткереді,
Адамдай айналасы аран болған.
Сұраңдар, сенбесеңдер, сенімді ерден,
Жасынан жақсылармен жаран болған.
Емеспін білгенімді бүркеп қойып,
Айтудан ақыл, үгіт сараң болған.
Тілегім, тірілікте түбі терең,
Құтқару қатарымды қараңғы ордан.
Әр істің басын бастап, артын тастап,
Кісіні көрдіңдер ме адам болған?
Алаңсыз ойдағысын орындаған,
Өсектен өмірінше аман болған.
Атымын әр жұмыстың аңғаруға,
Үйір бол ойлы ерлермен маман болған.
Жұмысын жазушының бітірген соң,
Қадірлер қамысты да қалам болған.
Өзіме өз ақылым болады деп,
Жүргеннің барлығы да надан болған.
Қырық түрлі қысқа күнде құбылғанның,
Өртеніп үй, орманы талан болған.
Әр қойды қортық қошқар бір қуалап,
Айырылып арқа майдан жалаң болған.
Жан-жаққа жайылам деп жөніне ақпай,
Көл суы күңгірт тартып шалаң болған.
Отырмын осылайша үгіт айтып, -
Көтер, - деп, көкірегіңді санаң болған!
Бедеу ат, білімді әйел, алмас қылыш,
Басыңа орнатады ықпал, ырыс.
Қуалап қырсығыңды, қыр асырып,
Жегізер ет пенен май, палау, күріш.
Кеуліңнен қалайда да қайғы тарқап,
Талабың бола берер еткен дұрыс.
Сөзіңе сөйтіп жүріп дуа қонып,
Дей алмас айтқаныңды ешкім бұрыс.
Болады ең соңында етер ісің,
Жеп, ішу, жату, тұру, малдас құрыс.
Үшеуі ойдағыдай жолықпаса,
Боласың бір тиынға өтпес мырыш.
Кеуілің күннен-күнге күңгірт тартып,
Бойыңнан тарқамайды татау, тырыс.
Қысқасы, қалған ісің оңға баспай,
Көбейер от басында айқай, ұрыс.
* * *
Ит артық өз ойыма еселеңнен,
Жасынан жамандықты пешеленген.
Адамды ата болған алып ұрып,
Кемпірді күң тұтынар шешеленген.
Ит өмір есігінде өткізеді,
Бір тойып көз алдында жесе неңнен.
Күзетіп кеші - күндіз шарбағыңды,
Келтірмес кісі үйіңе кеселеңнен.
Деп молда Тұрмағамбет қолым қойдым,
Аз демей ал ғибрат осы өлеңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігітке жарамайды алаң болған өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Жігітке жарамайды алаң болған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігітке жарамайды алаң болған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігітке жарамайды алаң болған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері