Вена музыканты – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Вена музыканты» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1939
Күй көңілді Венаға
Кімдер келіп кетпеген.
Штраус, Моцартпен
Болған мұнда Ветховен.
Австрия азабын,
Сыйғызып бар күйіне.
Көріп өмір тозағын,
Кеткен олар күйіне.
Сол Венада дәл бүгін,
Аңдап басып аяғын.
Келе жатыр әлдекім,
Безілдетіп баянын.
Тынды асқақ жыр неге
Не боп қалды
Ән-күйге?
Салды апарып түрмеге
Жақпағасын янкиге.
Халыққа сол түрмеден
Келе берді аяулы үн.
Есті жел де мұңменен
Ащы үніндей баянның.
Кейде ұрып жарына,
Кейде баяу сыбырлап.
Халықтың күй қанына
Сіңе берді шымырлап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Вена музыканты өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Вена музыканты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Вена музыканты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Вена музыканты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері