Сардарабад – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сардарабад» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1552
Жуылған жаз жауынына
Бізді қарсы алды Арарат.
Тартты бізді бауырына
Сардарабад, Сардарабад!
Мұнда талай аққан қандар,
Қызыл күрең, қан түсіндей,
Мұнда талай жатқан жандар
Аруағына шаң түсірмей.
Мұнда елген арлы жандар,
Өр қайратын кекке жанып,
Жауға атылған армяндар
Айыр ұстап, кетпен алып.
Қамал соғьш тастан үйлер,
Қанжар болған жердегі тал.
Жауға атылған жас сәбилер,
Кәрі кемпір, өлмелі шал.
Бір сілкініп жақын жұртқа
Қалған сонда зарлы Арарат.
Куә болған батырлыққа,
Сардарабад, Сардарабад!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сардарабад өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сардарабад өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сардарабад өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сардарабад өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері