Бір халге кірдім – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Бір халге кірдім» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1180
Бір халге кірдім, ешкім кірмеген,
Жерде жоқпын, күл денем!
Өзімді көрдім, шындап күлмеген,
Сезімді көрдім, бұрын білмеген!

Сағадат сәтте шындық ашамын,
Гүлге шомылған таңды жасадым.
Жан біткенді таң қып, осы әнім,
Бір халге кірдім, ешкім кірмеген!

Жалғанның сырын айтсам, жылайсың,
Сыбызғы болдың, сен бір қурайсың!
Махаббат болмас, сүймей, құлай шын,
Бір халге кірдім, ешкім кірмеген!

Жаны жұтаңға көрінбес, әлем,
Сұрама, ештеңе, жарымес, менен!
Ғаріптің әлсіз – халін кешкен ем,
Бір халге кірдім, ешкім кірмеген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері