Көк жейде – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Көк жейде» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3041
Көктемнiң бiр күнi едi,
Көгалда ойнап жүр едi.
Апасы кеп Сапарды
Дүкенге ертiп апарды.
Жейде сатып əпердi,
Өзiне ол шақ келдi.
Түсi көгал сияқты,
Апасы бек ұнатты.
– Мына жейдең көкпеңбек, –
Дедi Сапар өкпелеп, –
Жақында күз болмай ма,
Көгал шөптей оңбай ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері