Біз шынында бостан босқа тәркі етеміз уақытты – sagadatovaaiymabilkyzy

Бұл бетте «Біз шынында бостан босқа тәркі етеміз уақытты» атты sagadatovaaiymabilkyzy жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біз шынында бостан босқа тәркі етеміз уақытты,
Бірі мұңлы, бәлкім бірі бақытты.
Өтіп жатыр уақыт бос,
Тіршілікте кім табады нағыз жауһар жақұтты.

Өмір өтер,бұзар мүмкін,
Жоспарлаған дүниеңді,
Қайдан іздеп, табасың сен
Жалғандағы байлықты

Сенім, жігер, мейірім бәрі,
Түкке тұрмай қалыпты,
Алтын көрген қаншама адам,
Адалдықтан тайыпты.
Сағадатова Айым Әбілқызы


Пікірлер (2)

Санду

Мықты

Сани

Өтіп жатыр уақыт

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар