Жұпар ауа – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жұпар ауа» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 885
Сұрай сұрай талықсыдым тағдырдан,
Бір жақсылық күтіп мына жаңбырдан.
Алма ағашы қатар-қатар тізілген,
Аппақ гүлін төсеп жатыр алдымнан.

Жұпар ауа жұтам гүлдің тынысын,
Айбар көріп Алатаудың тұрысын.
Мынау шақта тебіренбеу күнә ғой,
Баққа барам уайым біткен құрысын.

Тыңдашы әуен көк шалғынға жатып ап,
Әуре болмай жансыз әуен сатып ап.
Сылқ-сылқ күліп сыбырлайды бұлақтар,
Жел соқпай ақ қыбырлайды жапырақ.

Көңіл қанат қағамын деп желпінед,
Самға биік, кедергіден еркін өт!
Шақырдың сен, қарсы бола алмадым,
Көктемде де мұңайғаным ерсі боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері