Мақтаншақ доп – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Мақтаншақ доп» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2425
Секең-секең, секеңдеп,
Маған кім бар жетер деп.
Мақтанды Доп асыққа,
Бәріңдікі бекер деп.
– Қалың қалай, асығым,
Өлшей алмас қашығын.
Таныдың ба Доп деген,
Футболшының «Асылын»?!.
– Бір орнымда тұрмаймын,
Ұшқан құстай зырлаймын,
Зулап шығам көкке де,
Төмен жылдам құлдаймын.
– Қақпаға да туралап,
Алдап бағыт бұра қап.
Жүгіреді соңымнан,
Бәрі мені қуалап.
– Ал сен неге жарайсың,
Бір-біріңді санайсың.
Иіреді қашан деп,
Жаутаң қағып қарайсың.
– Деп асыққа лепірді,
Бір онында секірді.
Ал сау бол, – деп жөніне,
Кетпекке Доп бекінді.
Доп бәрінен озғандай,
Ісі қандай, сөз қандай,
Желі шығып сол сәтте,
Қалды орнында қозғалмай.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері