Айтсаң тілді алады – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Айтсаң тілді алады» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2269
Айтсаң тілді алады,
Жұмсағанға барады.
Бәрі жақсы көреді,
Елгезек бұл баланы.
Күлім қағып жүреді,
Іске білек түреді.
Ерінбес бұл баланы,
Еңбекқор деп біледі.
Күй де тартып, ән салар,
Дарынына ел тамсанар.
Бұл баланы әр жерде,
Өнерпаз деп қарсы алар.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері