Жас бала – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Жас бала» атты Мұқағали Мақатаев жазған бала туралы өлең берілген.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 5
  • 34445
Теріскей бет, жел үрген,
Аязға тоңған жас бала.
Тумай жатып өмірден,
Қалды екен неге жасқана?
Алты жасар жас бала,
Тұрмыстың кілтін қолға алып,
Семьяға бас бала,
Тіршілік еткен қой бағып.
Акасы қайда жас құстың?
Әкесі қайда кетті екен?
Тәкаппар бұл тұрмыстың
Қайнауы қалай жетті екен?


Пікірлер (5)

Казына

Маган катты унады.

Ақдидар

Өте әсерлі және маған қатты ұнайды

Әділет

Акасы деген мағнасы не??

Айкөркем

Мағынасы терең өлең.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері