Жауын – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Жауын» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2216
Ақ теректер шайынып,
Мөлдір тамшы таққанда,
Бұлт түндігін қайырып,
Ашылды күн аспанда.

Кемпірқосақ ауаға
Шыға келді білінбей,
Жауын тепкен жаңада
Секіргіштің жібіндей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері