Бұлақтар – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Бұлақтар» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1946
Таудан аққан бұлақтар,
Күмбір-күмбір күй ақтар.
Жағалауда билесін
Құлын құйрық құрақтар.

Қандай сұлу жарқылың,
Қандай қатты қарқының.
Шаршап келсем, күш беріп,
Шөл басады салқының.

Өссін жайнап гүл-бақтар,
Өссін жасыл құрақтар.
Кең даланы бетке алып,
Шапқылай бер, бұлақтар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері