Таудағы жайлау – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Таудағы жайлау» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2857
Аққудай ауыл тізіліп,
Қонғанда жасыл жайлауға,
Көмейден үні үзіліп,
Шығады құстар сайрауға.

Сыңғырлап күміс шашбауы,
Құшағын ашып жүгіріп,
Келеді таудың бастауы
Табанын тасқа тілдіріп.

Жүреді көкте қыраны,
Аралап тау-тас, шатқалды.
Тербетіп самал тұрады
Баурайы жасыл бақтарды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері