Жағалауда – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Жағалауда» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1744
«Ақ тас, қара тас,
Құлағымның суын аш!»–

Деп секеңдеп балалар,
Алақанын соғады.
Еңкейіп те,
Тағы олар
Құлақтарын қағады.

Шашын желге таратып,
Қызықтап көл суретін,
Қайрақ тасты жалатып,
Билетеді су бетін.

Жарыстырып құлашты,
Тас атуға тоймайды.
Қызықтырып су асты,
Қайта жалақ ойнайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері