Шағала – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Шағала» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2240
Тербелген теңіз өрінде,
Толқынға төсін сүйдіріп,
Жарқылдап ұшар көгінде
Күмістей қанат су іліп.

Мекені – жартас жағасы,
Дауылды сүйген өр төсі.
Көк теңіз бейне анасы,
Шағала – жалғыз еркесі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері