Дос іздеймін – guka1988

Бұл бетте «Дос іздеймін» атты guka1988 жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Мені іздесең осында кел осында едім,
Іздеп келем әлі де досымды елім.
Мені білмейм дос тұтатын адам бар ма,
Бірақ, барлық жақсы жандар досым менің!

Аңдамай-ақ аңқылдап кел қасыма,
Санаңдағы ойды айт, бөл жасыма.
Тастап кетуіңе де рұхсат
Келе қалса қиындық бір басыма.

Өзіңнің ауыртпалық қайғыңды ап кел,
Демеймін шаттық дейтін айдынды ап кел.
Бар болмысыңменен қабылдайын
Демеймін жамандықты "қойдым" деп кел!

Бір жақсылық бойыңнан тапсам болды,
Ізгі, игі қалпыммен жақсам болды.
Қадірле төріңді бер, деп те айтпадым
- Мынау менің досым, - деп айтсаң болды.

Мені іздесең осында кел, осында едім,
Іздеп келем әлі де досымды елім.
Мені білмейм дос тұтатын адам бар ма,
Бірақ, барлық жақсы жандар досым менің!


Авторы: Акижанова Гульнур Серикбековна


Пікірлер (5)

guka1988

Достар ұнаған өлеңдерімізге пікір қалдыра отырайықшы, өтініш

Hazizs

Өте жақсы

Hazizs

Тамаша өлең!

Әлия

Мына өлең өте тамаша! Жүрекке батарлықтай екен

Әдемі

Керемет сенің арқанда ұран шығарып алдық

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дос іздеймін өлеңінің авторы кім?

guka1988 — осы өлеңнің авторы.

Дос іздеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дос іздеймін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дос іздеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері