Далаңды көріп – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Далаңды көріп» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 600
Кеткісі келген жібердім мұңды,
Жоғалар бәлкім табылар.
Дос демей сені айтамын кімді,
Суретіңнің де жаны бар.

Хаттарыңның да дауысы бардай,
Жып-жылы әуен қатасың.
Еш бұрылмастан жүрекке қарай,
Адымдап келе жатасың.

Мұңдарға жолдас болғанмын ұзақ,
Сағыныш тұнып көзімде.
Ғұмыр кешейін азаптан жырақ,
Жетелей көрме сезімге.

Бір құрбы қыздың бақытысың сен,
Талай қыздарға армансың.
Жұмбағы басым жаныма менің,
Қалайша жақын барғансың?

Ізіңді теріп ұсақтасам ба,
Кезіңде мені баураған.
Далаңды көріп құшақтасам ба,
Сымбаты сеннен аумаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері