Өлең, жыр, ақындар

Ақын ажалы

  • 04.06.2018
  • 0
  • 0
  • 6490
Лермонтовтан аударма

Мерт болды ақын, бықсық өсек
Ар пендесін кетті жұлып.
Кеудесінде оқ, шөлдетіп кек,
Абзал басын иді сұлық.
Ұсақ ғайбат қорлығына
Төзе алмады ақын жаны,
Озбыр қауым зорлығына
Көнбей, жалғыз шықты тағы.
Өлтірді оны!..
О, не керек
Жылау-сықтау, мақтау көкіп?
Атайсыңдар құр міңгірлеп,
Тағдыр үкім қойды оқып!
Оның еркін, өр дарынын
Өздеріңсің еткен дертті.
Қызық көріп желпіп бәрің,
Өршіктірдің сәл ғана өртті.
Ал енді не?
Болыңдар мәз.
Төзе алмады қайран сабаз,
О, данышпан шамдай сөнді,
Сән-салтанат гүлі семді.
* * *
Міз қақпады, сұм жендеті
Салды соққы, амал бар ма!
Селт етпеді пистолет!,—-
Қуыс жүрек қалтырар ма.
Бұл не ғажап?
Келген шеттен
Көп қашқынның бірі еді ол;
Тағдыр бізге душар еткен.
Бақ, шен аулап жүр еді ол.
Күлгірсіп тек, көретін жек
Тілімізді, салтымызды;
Ол ішмерез қара жүрек
Аясын ба даңқымызды.
Қайда қарай көтерді қол,
Қанды әб - сәтте сезетін бе ол?!
Әлді ақын, құшты қабір,
Ұқсап сонау жыршыға бір.
Ақын өзі берген жырлап,
Сүйкімді жан сол бір жұмбақ,
Жемтігі боп қызғаныштың,
Құрбаны боп ар-намыстың,
Аяу білмес қатал қолдан
Дәл осылай қаза болған.
Тыныштық, рақат, достығы мол
Кең ортада жүргенінде
Неге ғана барды екен ол
Күншіл қауым дүрмегіне,
Кіл жалақор желбуазға
Неге қолын берді екен ол?
Жалған сезге құр бипазға
Неге ғана сенді екен ол?
Қандай жанның не ойы бар
Аңғарушы ең қаршадайдан,
Жан шошынар, ой тұншығар —
Сол ортаға барды қайдан?!
Абыройлы гүлін мұның
Алып тастап өңшең зұлым,
Нуға бөлегі тікенекті,
Тәж кигізіп әуре етті.
Зәрлі тікен білдірместен,
Абзал басты тандырды естен.
Тыртақ - жыртақ сұм надандар
Улады оның ақырғысын,
Өллі сабаз не амал бар,
Кекке босқа қайрап тісін.
Алданды үміт, бір құпия
Өкініші қайнатты ішін.
Ғажайып жыр өшті үні,
Естірміз бе енді мұны.
Баспанасы бір тар қапас,
Ауызда печать үн шығартпас.
А, сұмдардың сорлы ұрпағы,
Жексұрын ед ата-бабаң,
Жапа көрген жұрттың бағын
Тепкілеген қанды табан.
Жалмауыз топ тақ қоршаған,
Жоқ не ары, жоқ беттері,
Азаттықты тұмшалаған,
Данқ, данышпан жендеттері!
Отырсыңдар, бүркеніп заң,
Сот пен шындық тілін кесіп,
Сот бар әлі, піл бұзылған!
Тәңір соты кетпес кешіп.
Қатал сот бар күткен алдан,
Алтыныңмен ала алмайсың.
Ісің, ойың мәлім оған,
Қылмысыңнан тана алмайсың.
Оттарсыңдар тайып - тайқып,
Пайдаға аспас енді оларың,
Арам қанмен, өңшең залым,
Кете алмассың жуып-шайып,
Қасиетті ақын қанын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаз көңіл

  • 0
  • 1

Жаз көңіл жарқылдаған бұл бір шағым,
Жаныма дарытпаймын дүние шаңын.
Әніммен қарсы аламын әрбір күнді,
Жайғандай ерке нәзік жар құшағын.

Толық

Қарындасым Марпуға

  • 1
  • 0

Аялаған айдын көл де,
Ұқсап бейне аққуға,
Астанаға келдің сен де,
Қарындасым Марпуға.

Толық

Әшім

  • 0
  • 2

- Ойбай, мынау
Малғұн фрау!
Heгe маған көз қысад,
Қағып касын?! -

Толық

Қарап көріңіз