Мамырыммен марқайдым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мамырыммен марқайдым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Мамырыммен марқайдым,
Тамызыммен ортайдым.
Тамырымнан таусылып,
Қауызымнан қартайдым.
Қартаймасқа бола ма,
Өңімді алса Өлара?
Ұрығымды жел төкті,
Шырынымды бал ара...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері