Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік

Бұл бетте «Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік» атты Өске Тоқаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2175
Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік,
Көкшеге екеуара міңгесейік.
Бауырына Қызылжардың қонып алып,
Бір жаздай қымыз ішпей күн кешейік.
Қайныңның пейілі жаман, бай да болса,
Мертіккен, көрер бізден, тай да болса.
Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік,
Бұл қымыз табылады қайда болса.
Атандым қырыққа жетпей құл, қу, мешкей,
Жарамас бұл арадан енді көшпей.
Бауырына Қызылжардың қонып алып,
Бір жазды өткізейік қымыз ішпей.
Қарғысы келінімнің жанға батты,
Есітіп мешкей деген жаман атты.
Бұл жерден енді көшпей болмас бізге,
Әншейін қимағанмен әруақты.
Келінімнің құл, қу, мешкей ырысын жер,
Тарылтып күннен-күнге тарысын жер.
Бір күні ашуменен келін пақыр,
Аузыңа... жаман шал құрысын дер.
Қашаннан айтушы едім, жазған, саған,
Қайтейін, осы күні тамақ жаман.
Жақсы ит те өлімтігін көрсетпейді,
Осыдан біз кетелік есен-аман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік өлеңінің авторы кім?

Өске Тоқаұлы — осы өлеңнің авторы.

Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өске Тоқаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері