Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы
- 0
- 0
Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы,
Кетер күлсең көңілдің ызғары әлі.
Көре алмастар атыңа күйе жағып,
Сенің мынау көркіңді қызғанады...
Бұл бетте «Сақ 1 бөлім» атты Ділназ Байкадамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы,
Кетер күлсең көңілдің ызғары әлі.
Көре алмастар атыңа күйе жағып,
Сенің мынау көркіңді қызғанады...
O, неткен әдемі сөз әйел деген,
Секілді ақын жазған аяулы өлең.
Жылынып нәзік сезім жылуына,
Қалғымай жол үстінде ояу келем.
Таласпаймын тұру үшін жоғары,
Табылмай жүр көңілімнің жоғы әлі.
Мен өмірде өзгелерге не істесем,
Бәрі өзіме қайта айналып соғады...
Мазасызбын... Ұрады басым дабыл,
Көз жасыңды дегендей жасырма, гүл.
Өмір сүрдім деп, сірә, өкінбеспін,
Мейірімге тапшылау ғасырда бұл.
Жүрмедім жыр күнделік жазып күнде,
Жүдеймін сәл нәрсеге азып бірде.
Баладай болмашыға өкпелеймін,
Білмеймін, сенгішпін бе, нәзікпін бе?
Ұмытыппын...
Бәрі-бәрі өзгерген,
Өзіме жат көрінеді өз кеудем.
Жан-жағыма жаутаңдап бір қараймын,
dilnaz
Сақ туралы 2 бөлім желтоқсанда шығу керек.
Жарайсың, өркенің өссін!Самал
Үлкен биіктіктерден көріне бер! Қазақстанның мықты ақындарынан бол!