Құз – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Құз» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.11.2015
  • 0
  • 0
  • 16031
Қабағын түйіп құз тас тұр
Төңірегіне парық caп.
Шыңында шулап құстар жүр
Айнала ұшып шарықтап.
Кеудесі жалын қара бұлт
Келеді төніп аспаннан.
Алып қүз тас сұп-сұрғылт,
Жамылып шапан - боз тұман.
Шық моншақтап - шапшып тер,
Сорғалайд жасы жүзінде...
Сол құзды көр де - мені көр
Ойға бір шомған кезімде.

1944.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері