Өлең, жыр, ақындар

Әбілқас Сағыновқа арнау (110 жылдығына орай)

  • admin
  • 07.07.2025
  • 0
  • 0
  • 53
Қазақтың маңдайына біткен жұлдыз,
Бір бойыңнан табылған мың талпыныс.
Ғылымның майталманы біз өзіңнің,
Ізіңді жалғап істер ұрпақ игі іс.

Тау мен кеннің бола білдің сардары,
Білім үшін бердің барды қолдағы.
Әр ісіңде төктің терді аянбай,
Сенсің нағыз өнеркәсіп саңлағы.

Қарағанды — қара көмір торабы,
Сол уақытта маңызы оның орнады.
Қара тастың құдыретін ұқтырып,
Бар ғұмырын ілімге ол арнады.

Тұңғиықтан салдың бізге сара жол,
Тек дарынға туа біткен дара жол.
Еңбегіңді ешқашан ұмытпаймыз,
Есіміңді өмір бойы ұлықтаймыз!

Көмір біздің еліміздің құнары,
Сенсің оның ажырамас сыңары.
Дәл өзіңдей ғалым біздің қазаққа
Бір жылда емес, жүз жылда емес, ғасырда бір туады!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнау

  • 0
  • 0

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнау
Тар қапастай тарлық еткен зар заман,
Қайран қазақ — көрмегенің қалмаған.
Картенбай Әлия Жеңісбекқызы

Толық

Қарап көріңіз