Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнау – Картенбай Әлия Жеңісбекқызы

Бұл бетте «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнау» атты Картенбай Әлия Жеңісбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тар қапастай тарлық еткен зар заман,
Қайран қазақ — көрмегенің қалмаған.
Енді бәрі реттелді ме дегенде
Қу соғыстың жалынды оты жалмаған.

Жауыз фашист, отқа толы жанары
Қыршын өмір сол еді, оның қалауы.
Сан боздақтың сан өмірі үзіліп,
КСРО‑ның қан болды әппақ жалауы.

Тыныштықтың әппақ жібі үзілді,
Сұм жауларды қылмайықшы бізге үлгі.
Ата‑ана баласынан көз жазып,
Баласының шырқы әбден бұзылды.

Елімнің маңдайына біткен бақтар,
Алдарыңнан кездесті сан тараптар.
Жанынан арын биік қойған мына —
Бауыржан, Мәншүгім мен һәмТалғаттар.

Ер есімі ел есінде мәңгі бақи қалады,
Есімізде қалдырамыз — ұрпақпыз біз саналы.
Өшпес іздей іс қалдырып кетсе де,
Аты өшіп табылмағандар бар әлі.

Қылған дұға, әрекеттен күн шығар,
Тұман басқан тағдырлар құлпырар.
Көптен күткен бейбіт күннің бұл дәмін
Қайсар елім — төрт жылдан соң бір татар.

 Жеңісіме 80 жыл толды бүгінде,
Бодан заман артта қалды — күлімде.
Тарихымда ойып алар орны бар,
Жадымызда сақталар ол мәңгіге.    


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнау өлеңінің авторы кім?

Картенбай Әлия Жеңісбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Картенбай Әлия Жеңісбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері