Жол шетінде күте көрме

Бұл бетте «Жол шетінде күте көрме» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 720
Жол шетінде күте көрме,
Жолдың шеті ызғырық.
Қандай азап жолға қарау,
Көзің талып үздігіп.

Өттім бе деп, жеттім бе деп,
Келе алмай бір байламға.
Жүгіре ме қарашығым,
Тұр екен деп қай маңда.

Өтіп кетіп тұсыңнан мен,
Боламын ба шерменде.
Біреу сөзге айландырса,
Енді жете бергенде.

Тоқтай беріп басқа көлік,
Сені мазақ етеді.
Қалғандары келіскендей,
Құстай ағып өтеді.

Жеткізе ме мезгілінде,
Көк темірге сенім жоқ.
Жол шетінде тұрып алар,
Дөңгелегін желімдеп.

Мына өмірде жандар аз ба,
Ойнап жүріп от басқан.
Жол шетінде табысқандар,
Жол шетінде қоштасқан…

Ғұмыр кештім екі жерде,
Жан қалауын табар кім?
Жол шетінде күте көрме,
Дәм бұйырса барармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жол шетінде күте көрме өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жол шетінде күте көрме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жол шетінде күте көрме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жол шетінде күте көрме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері