Сен мен үшін өлген күн – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сен мен үшін өлген күн» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Болды ақыры сен мен үшін өлген күн,
Тағдыр дейтін төрешіге көнген күн.
Өзі отырған үй орнына жерленген,
Жамбыл сынды жүрегіме жерлендің.

Ол мені әлі сүйеді деп аптығып,
Қуаныштан көздеріңе бақ тұнып.
Үміттенбе.
Ұмытқандай сен жайлы,
Соқпас жүрек көкірегімді қатты ұрып.

Нағыз қыран өлсе өледі құзардан.
Шын махаббат ақын үшін ұлы арман.
Күлтегінше бұйрық етті бұл жүрек,
Сатқындарын қатарынан шығарған.

Соның бәрін білген кезде сенделдім,
Туған жердің ауасымен емделдім.
Таң қаламын, жылағам жоқ тіпті мен,
Жүрегімнің бұрышына жерлендің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері