Ұстазым қымбат бәрінен – Ақанжан Келімбетов

Бұл бетте «Ұстазым қымбат бәрінен» атты Ақанжан Келімбетов жазған ұстаз туралы өлең берілген.

  • 05.10.2019
  • 0
  • 0
  • 4038
Сырласқан жаспен, кәрімен,
Сыйласқан жұрттың бәрімен,
Сөйлеген сөзді жәйімен –
Ұстазым қымбат бәрінен.

Мінезі майда әрі кең,
Сөздері терең мәнімен,
Бастауын алған әріден –
Ұстазым қымбат бәрінен.

Жарасқан киім сәнімен,
Өнерді сүйген жанымен,
Баураған жұртты әнімен –
Ұстазым қымбат бәрінен.

Шәкіртін сүйген жанымен,
Суарған білім нәрімен,
Еңбегі адал бағымен –
Ұстазым қымбат бәрінен.

Құрметті елге барымен,
Татулығы үлгі жарымен,
Азамат, биік арымен –
Ұстазым қымбат бәрінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері