Жеңіс күн – Ақанжан Келімбетов

Бұл бетте «Жеңіс күн» атты Ақанжан Келімбетов жазған соғыс туралы өлең берілген.

  • 05.10.2019
  • 0
  • 2
  • 14362
Ащы дәмін татқан білер Жеңістің,
Бәрі болды қиындық пен кемістің.
Өмір-өлім сыналғанда майданда,
Тірі жүрген деп айтпады кеміспін.

Күндіз-түні уақытпен кім санасты,
Ерте тұрып, жұмысына тарасты.
Жарты құрсақ, жыртық киім, күлкісіз,
Бірақ намыс кекпен қайнап таласты.

Көп нәрселер тұрушы еді жараспай,
Ақ жаулықты жеңгейлер жүр адаспай.
Есіл-дерті майдандағы жарында,
Хат келсе егер жиналады толаста.

Найза кірпік, жәудіреген көздері,
Көңілі пәс, жұп-жұмсақ боп сөздері.
Ағайыңнан хабар болмай тұр ғой, – деп,
Күрсінетін аянышты жүздері.

Сол сұрапыл кездерде әдеп сақтаған,
Жеңешемді көрген сайын мақтанам.
Адал үміт аман қосты ағайды,
Екеуіне сүйсініп сыр ақтарам.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Айдана

Рахмеет

Аяна

Күшті

Осы автордың басқа өлеңдері