Тырма – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Тырма» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1661
Босқа қарап тұрмадым,
Бiраз жұмыс тындырдым.
Əттең, бiрақ тырманың
Екi тiсiн сындырдым.
Болып қалдым ұятты,
Атам мұны ұқпай ма:
Менiң тiсiм сияқты,
Ол да қайта шықпай ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері