Өлең, жыр, ақындар

Мен – менмін

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бір-ақ рет жаратылған,
Өз үнім өз кеудемде таратылған.
Не болды құйысқанға қыстырылсам?
Садаға кетсін атақ ар атынан!
Ешкімнің керек емес мадағы да,
Қажетсіз жылы, суық қабағы да.
Ілессе, сөз ілесер, білем оны,
Жүрген жоқ шөп ілесіп балағыма...
«Өзіңе сен,
Өзіңнің күшіңе сен»,
Күшіңе сен,
Істеген ісіңе сен.
Бұл жолда құлағанмен, жылағанмен,
Жүрмейсің еш уақытта түсіп еңсең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен – менмін өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен – менмін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мен – менмін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен – менмін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері