Тілім менің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тілім менің» атты Абдрахман Асылбек жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2993
Қазақи қасиетті тілім менің,
Ән салып өз тілімде күлімдедім.
Жиһанға жетіп жатты үнім менің,
Жоғалсаң, не болады күнім менің?
Өзіңнен ұйып тыңдап бесік жырын,
Сүйкімді сөздеріңмен жетілді үнім.
Есейіп Ер Төстіктей ертегімен,
Көсілді келе-келе жырым менің.
Ерекше ертеде өткен бабалардың –
Айрықша ақылы асқан даналардың
Шешендік сөздерімен қанаттанып,
Өлкемді ұлан-ғайыр араладым.
Бұл күнде ертегіші ата да жоқ,
Ақ тілек – ата берер бата да жоқ.
Тербетіп тал бесікті ұйықтататын
Ақ пейіл әже менен ана да жоқ.
Бесікке ана баптап бөледі ме?
Жоғалған бесік жыры өлеңі де.
Көз ашса, қарайтыны теледидар,
Балалар одан басқа көреді не?
Радио-теледидар не береді?
Олардан өнегелі не көреді?
Ертегі тыңдамаса, кітап оқып,
Қалайша тәрбиелейміз немерені?
Ата-ана шала сөйлеп отбасында,
Орысқа беріп қойды ноқтасын да.
Айрылып бірте-бірте байлығынан,
Керемет қазақ тілін тот басуда.
Сөздердің білмек түгіл баламасын,
Өзін де түсінбейді қара басып.
Омоним, синонимдер суға кетіп,
Көп сөздер сақтамайды қара басын.
Шернияз, Махамбет пен ақын Абай,
Сөнеді санамыздан аты қалай?
Түбінде дініміз бен тілімізден
Айрылып қаламыз ба бақыламай?
«Кең дала құлазиды ел кеткен соң,
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң».
Көшіне ереміз деп өзгелердің,
Күніміз не болады сен кеткен соң?
Өзінің тілі жоқ ел не болады?
Қай жерден пана тауып, оңалады?
Құдайдың қарғысын ұшырап ел,
Бір күні жер бетінен жоғалады.
Мен мұны күйттемеймін өзім үшін,
Айтамын Алла сүйген елім үшін.
Ел мұңын айта алмасам, ақынмын ба?
Қорықпан қара бастың өлімі үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілім менің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тілім менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілім менің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тілім менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері