Шық әлем

Бұл бетте «Шық әлем» атты Дина Бөкебай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1281
Дүлейдей борандағы қақырап төніп,
Жоғалып кетем табылмай түзге асам да.
Күздегі сағыныш тектес жапырақ болып
Сен мені ізде сонда.
Шыдай алмайсың, сен оған тіпті де ерсең
Бітпейтін жол бар уақытпен сыр ашып алам.
Көктемгі жарған бүрлерден шықты көрсең
Сен мені сұрашы содан.
Сұрашы содан біледі ол, біледі бәрін
Мөлт етер сосын тамшыларменен тізген мұң.
Біледі сол шық бір қыздың жүрегі барын
Ішінде жүрексіздердің.
Ізде сен солай, қараусыз жыламайын мен
Кеудеңе тағар алқадай жүз үмітті шен.
Мен шық болам да нәркескен тұла бойыммен
Дір етсе, үзіліп түсем.
Жаратты дейсің жарығым кенде ғып кімге,
Құстардан жеткен хаттардай бола алар сырым.
Мөлдір шықтайын көрінбей пенде біткенге
Бір күні жоғалам, шыным...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шық әлем өлеңінің авторы кім?

Дина Бөкебай — осы өлеңнің авторы.

Шық әлем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шық әлем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дина Бөкебай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шық әлем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері