Москва көшесінде

Бұл бетте «Москва көшесінде» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 772
Москваның көшесінде
Шомып тәтті ойға не бір
Келе жатыр, түсті есіме
Жырдай сұлу сүрген өмір.
Сезімімді самғатқандай
Сүйіп беттен көктем лебі,
Жаныма жыр жалғатқандай
Ой әлдилеп кетті мені...
Шырын өнер өлең десем, –
Шырайы оның шіркін шындық, –
Деп ойладым өнерді әсем.
Шырқа шабыт биік шың ғып
Жалаң айғай, жалған бояу
Өнерді жұрт етер күлкі,
Өмірдей шын жаны ояу
Болсашы ол көтеріңкі! –
Деп, жиғанша ойдың ұшын
Шағында осы шаңқай талтүс, –
Граниттен құйған мүсін
Қарсы алдымда тұрды Маркс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Москва көшесінде өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Москва көшесінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Москва көшесінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Москва көшесінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері