Таудай бала

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 24.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1431
Алма берсем атама,
«Таудай-таудай бол!» дейді.
Алмұрт берсем апама,
«Таудай бол!» деп сөйлейді.
Таудай әлі болғам жоқ,
Кіп-кішкентай баламын.
Жотадай да бойым жоқ,
Қашан таудай боламын!?
Таудай-таудай кітапты,
Таусып-таусып оқимын.
Тау суындай тап-таза,
Ойға білім тоқимын.
Сонда ғана ел мені,
Биік тауға теңей ме?!
Ата-апам да қуанып:
«ТА-У-ДАЙ БАЛА» демей ме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таудай бала өлеңінің авторы кім?

Жәди Шәкенұлы — осы өлеңнің авторы.

Таудай бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Таудай бала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жәди Шәкенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таудай бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері