Құстар қанша баққа көрік болатын – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Құстар қанша баққа көрік болатын» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 1
  • 3877
Құстар қанша баққа көрік болатын!
Бұлбұл анау,
Қадірлейді ол атын.
Шырыны үшін,
Шекері үшін,
Нәрі үшін
Бал арасы гүл іздейді қонатын.
Шіркейіңе керек малдың қотыры.
Маса жұрттың жүр мазасын кетіріп.
Көк шыбынға жас ет керек жаюлы
Жақсылап бір кету үшін «отырып».
Салқындайтын шілде менен тамызда,
Шалшық керек,
Балшық керек доңызға.
Жапа керек жатқан буы бұрқырап,
Қалай еді,
Әлгі әне бір қоңызға!
Ой кепсері сырды қалай сүзбейді?!
Сүзеді ол,
Бірақ жібін үзбейді.
Ал сыншылар қилы-қилы,
Өнерде
Әрқайсысы әр түрлі жыр іздейді.


Пікірлер (1)

Әмина

Біртүрлі, ұзақ екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері