Сағат тілі – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сағат тілі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 848
Туар жылдың айы жарық сәулетті
Ақша қарлы сай-салаға шашқан нұр,
Кеудесіне ұшқындарын салюттің
Қадағандай жұлдызды көк аспан тұр.
Сағат тілі тынбай алға зырлайды
Қанатындай бейбітшілік құсының,
Бейбіт өмір лебін ақын жырлайды
Екпініндей халықтың зор күшінің.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері