Ақын Әбуге – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ақын Әбуге» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 869
Әбеке! — Жанға жайлы әр лебізің.
Жып-жылы жақсы жырдай бар мінезің!
Ақындық, мейірбандық жүрегіңді —
Әрқашан сол қалпында қалдыр өзің.
Елуде ақын жасық тұр шыңдағы,
Жарқырай түссін әлі жыр шумағы!
Төбеңде Атыраудың толқынындай
Ақ шалмай бұйра шашың тұрсын мәңгі.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері