Өлең, жыр, ақындар

Фаризаға

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 5
  • 52
  • 238410
Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?...
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мынды-мыңға...
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
He туралы жырласақ, Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...



Пікірлер (52)

Арман

Өте жақсы ән екеуі қосыла алмағаны өкінішті

Айша

керемет ән маған ұнады

Айша

КЕРЕМЕТ ӘН МАҒАН ҰНАДЫ

нұргүл

керемет

керемет

Унады маган

жанар

жылагын келеды

жанар

оте асерли ан

Фариза

Өте жақсы өлен мағанда қатты ұнайды

Абүірбек ағаның өлеңі журекті жарды

Абүірбек ағаның өлеңі журекті жарды

Өте керемет.Мұзбалақ Мұқағали менің сүйікті ақыным.☺

АЙДАНА

Маған өлеңдері қатты ұнады.

малика

Мукагалидын музды жырына не жетсин

Айдана

Керемет соз жок

Фатима Фариза апамдайболам иншаллах

Оте кушти создери Тамаша журектин тубине жайгана салкын желмен бир тылсым кереметкуй кештим

Изтлеуова Арайлым

Ең керемет ақынның ең керемет өлеңі ????????????????????????

Салтанат

Маған мына ән қатты ұнады. Жаныңды тебіретіп, адамды өзіне тарта білетін ән екен.

Бинар

өте жақсы

АКМАРХА

фариза қыз деген өлең өте керемет

Үміт

Өте керемет жазылған . ☺☺

Ахат

Өте әдемі өлер жақсы жазылған

Мерей

Отте тамаша олен екен★☆★

Айгерим

Керемет♥♥♥

Эльмира

Маған өлен қатты ұнады.

Айша

Бұл əн ұнады

Арайлым

Өте керемет

Айдана

Ерекше керемет өлең

Айнука

Өте керемет... Маған қатты ұнады...

Айя

Керемет поэзия

Фариза

Ақын қыздың өмірнен кішкенеде болса керемет сипатталған

Ақмарал

Қызды өте керемет сипаттаған

Ыбырай

Өте керемет.Ақиық ақын М.Мақатаев Ф. Оңғарсынованы керемет сипаттаған.

Мадина Асалбекқызы

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз
Мәні терең сөздер

Aizhan201075

Мұқағали ағаның қыз бала болса да Фариза ақын апайымызды өзіне жақын көріп, ішіндегі шерін тарқатқан жырлары біздер үшін бір асыл қазына. 

калмурат

Өте керемет

Балауса

ӨТЕ КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ .МАҒАН ҰНАДЫ

Гаухар

Керемет өлең

Шұғыла

маған бұл өлен өте қатты ұнайды

Фариза фартзажан фариза-қыз

Өте керемет өлең жаныды тербетіп эібереді

Гулбахар

Мухагали канша Фаризанын конылынен
шыкысы елседе барыбыр Фариза апамыз менсынбегены окынышты

Ақниет

Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.Сол кездегі ақынсымақтарға....

Гүлиа

Қате пікір жазбаңдар, бұл жерде арада махаббат емес, Фариза апамызға қыз бала болсада ер адамнан артық көріп сырын, мұңын ақтарғаны.

МАРИЯ 4СЫНЫП

КҮШТІ

Балнур

Өте күшті өлең керемет жазылған

Ақбота жұман

Өте керемет өлең маған ұнады көп РАХМЕТ

Жаннұр

Күшті

Бекзат

Мұқағали Мақатаевтың Фаризаға атты өлеңі ұнады

Толғанай

ия ұзақ көп мағына жатыр түсінген беледі түсінбеген қалады м. мақатаев фаризаға бала шеңберден шығу керек деген

Нурислам

Оте кушти маган катты унады

Амангелди Нурислам

асирли ан

Жүсіпдияр

Өте керемет ән

Жүсіпдияр

Өте керемет ән

Пікір қалдырыңыз

Сәби - ана

  • 1
  • 42

Айналғанда аядай қалашықты,
Алдымыздан кішкентай Ана шықты.
Қырда отырған ауылға апаратын
Жалғызаяқ соқпақтан адасыпты.

Толық

Қоя тұрыңдар

  • 1
  • 2

Қоя тұрыңдар,
Айтыла жатар арнаулар.
Аялдай тұрыңдар,
Асығыстыққа бармаңдар,

Толық

Тауда өстім

  • 1
  • 5

Тайсалмай басып тастарын,
Алқынбай асып асқарын.
Құзына шығып, қомданып,
Ылдиын тәмен тастадым.

Толық

Қарап көріңіз