Хал мүшкіл, қалқам – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Хал мүшкіл, қалқам» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Керемет кезде тусақ та,
Керемет шақта тұрсақ та,
Білдірмей іштен тынсақ та,
Біздің хал мүшкіл бұл шақта.
Зауық жоқ сауық-сайранға,
Қона алмай жүрміз жайлауға.
Бәйгені бермес көк қасқа,
Бұл күні, қалқам, байлауда.
Ой менен қырға ап қашқан,
Шоқ шайнап жүріп, от басқан,
Бәйгені бермес көк қасқа,
Бізбенен бүгін қоштасқан.
Өткізген күндер дүрмекпен,
Өткен шақтармен бір кеткен.
He таптық арзан құрметтен?
Арзан сауықты гулеткен.
Хал мүшкіл, қалқам, бұл шақта.
Өткенге мойын бұрсақ та,
Барсақ деп айла қылсақ та,
Жеткізбес енді қусақ та...


Пікірлер (3)

Дина

Өте жақсы

Бота

Мұқағали Мақатаевтың Хал мүшкіл, қалқам өлеңі керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хал мүшкіл, қалқам өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Хал мүшкіл, қалқам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хал мүшкіл, қалқам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хал мүшкіл, қалқам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері