Сені естігем – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Сені естігем» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.03.2019
  • 0
  • 1
  • 7598
Сені естігем,
салтанатты нәзік үні органның,
Жексенбіде жанай өтіп,
шіркеу жақта болғанмын.
Естігемін, қараңғыда,
құйынды күз, ортасында орманның,
Күрсінген күрсіністен төңірегім толған мұң.
Операдан, ғажайып бір,
Италия тенорын да тыңдағам,
Квартетте сопрано сыңғыр үнін сырлаған,
Дел-сал түнде, махаббатым,
басымнан сен құшқанда,
Сенің дағы қан тамырың өн бойыңда тулаған,
Құлағымның дәл үстінде
қоңыраулатып, тынбаған.


Пікірлер (1)

Нұрсұлтан

Мұқағали Мақатаевтың Сені естігем өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері