Жақсы бір сапар басталмақ – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жақсы бір сапар басталмақ» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1657
Жақсы бір сапар басталмақ,
Пейілі дүние болар кең,
Үміті елдің аспандап,
Ереді бірге солармен.
Жақсы бір сапар басталмақ,
Басшылар басын қосса бір,
Туыстық жиып, дос қамдап,
Тыныштық болмай жоқ сабыр.
Жақсы бір сапар басталмақ,
Соғыспау үшін ел елмен.
Қашанғы дүние жасқанбақ
Түсер, — деп, — ажал төбемнен.
Жақсы бір сапар басталмақ,
Қайырлы сапар, болар жөн! —
Деген зор үміт аспандап,
Ереді бірге солармен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері